Ресей депутаты Қазақстанда әскери операция өткізуді ұсынды

Ресей депутаты Қазақстанда әскери операция өткізуді ұсынды

Ресей депутаты Қазақстанда әскери операция өткізуді ұсынды
ашық дереккөзі
50330
Мәскеу қалалық Думасының депутаты, Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының (РФКП) депутаты Сергей Савостьянов Украинадағыдай, Қазақстан, Балтық, Молдова елдерінде әскери операция өткізуді ұсынды деп жазды turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап.
«Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Украина, Ресей және бүкіл Еуропа халықтары үшін тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым толық процесі үшін Украинадан басқа Балтық жағалауы елдерін (Литва, Латвия, Эстония – жур.түсіндірмесі), Польша, Молдова және Қазақстанды денацификациялауды орынды деп санаймын», - деді депутат.
Құжатты әлеуметтік желідегі парақшасында федералды бюро мүшесі, ресейлік «Яблоко» партиясы Мәскеудегі филиалы басшысының орынбасары Кирилл Гончаров жариялады. «Ұят», - деп түсіндірді Гончаровтың өзі Савостьяновтың идеясына. Айта кетейік, 24 ақпанда Украинаға басып кіріп, онда қанды соғысты бастаған Ресей әскерлерінің мақсаты «демилитаризация» мен «денацификациялау» болып табылады.

Серіктес жаңалықтары