Елбасының тағы бір ескерткіші пайда болды

Елбасының тағы бір ескерткіші пайда болды

Елбасының тағы бір ескерткіші пайда болды
ашық дереккөзі
557
Қазақстанда ресми мереке ретінде аталып өтілетін тұңғыш президент күні қарсаңында Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Алматы облысы әкімшілігі жанындағы мемлекеттік рәміздер аллеясына орнатылған.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мәслихат депутаттары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысқан. Амандық Баталов ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, ескерткіш ашылған күннің "Қазақстан үшін тарихи күн" екенін айтқан. Ескерткіш авторы - мүсінші Қазыбек Сатыбалдин. Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда және шетелде бірнеше ескерткіші бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні бар композиция бірнеше жыл бұрын Алматыдағы тұңғыш президент саябағында орнатылды. Астана орталығындағы "Қазақ елі" монументінде мемлекет басшысының барельефі қойылған. Сонымен бірге Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Тұңғыш президенттің Ұлттық мұражайында бар. Қырғызстанда Шолпан атата Қазақстан президентінің қоладан жасалған мүсіні қойылған. 2010 жылы Түркия астанасы Анкарада Назарбаевқа ескерткіш ашылды. 2011 жылдан бері Қазақстан күнтізбесіне 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні деп енгізіліп, мереке ретінде атап өтіледі.

Серіктес жаңалықтары