50226
Оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыс салдарын жою күзде аяқталады
Оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыс салдарын жою күзде аяқталады
Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері биылғы 28 наурыздан бастап Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында болған оқиғалардың салдарын жою жұмыстарына кіріседі деп хабарлады turkystan.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
Арыс қаласында жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі.
Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын жабдықталған. Ал қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып, жойылады.
Жалпы осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылады. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр.
Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында болған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады.
Тағы оқи отырыңыз: Байзақтағы жарылыс сарбаздардың мойнына ілініп жатыр