Кейкі батырдың мүсінін 12 желтоқсанда алып келеді

Кейкі батырдың мүсінін 12 желтоқсанда алып келеді

Кейкі батырдың мүсінін 12 желтоқсанда алып келеді
ашық дереккөзі
296
Кейкі батырды жерлеу шаралары алдағы жылдың қыркүйегіне белгіленіп отыр. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. «12 желтоқсанда бізге Будапешттен Кейкі батырдың бет әлпетінің мүсінін алып келеді. Қазіргі кезде алдын ала суреттер жіберілді. Батырдың өзіндік ерекшеліктері бар екенін білесіздер. Үкімет басшысының орынбасары басшылық етіп отырған мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда ақылға салынған тиісті шешім қабылданды. Оған құрметті тұлғалар қатысты. Атап айтқанда, барлық шараларды қыркүйекте өткізу орынды болатындығы келісілді. Біз аталған мерзімге дейін Кейкі батырға монумент салуымыз керек. Өйткені, қазіргі кезде тұрған ескерткіштің биіктігі екі метр ғана екен», – деді министр. Бұдан бөлек, ДНҚ-ны соңына дейін анықтау міндеті тұрғанына тоқталған ол, мажарлық ғалымдар тиісті зерттеулер жүргізіп жатқанын жеткізді. Айта кетейік, 13 қазан күні Қазақстан Республикасы елшілігінің көмегімен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегін жеткізген болатын. Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай Венгрия музейінің бас директоры Золтан Коршошқа ДНҚ сараптамасын жүргізіп, қалпына келтіру үшін Кейкі батырдың бас сүйегін тапсырды. Музейдің антропологиялық бөліміне жетекшілік ететін Агнеш Куштар Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын өз басшылығына алды.

Серіктес жаңалықтары