«Jas Otan» жемқор басшылары бар оқу орындарын жариялайды

«Jas Otan» жемқор басшылары бар оқу орындарын жариялайды

«Jas Otan» жемқор басшылары бар оқу орындарын жариялайды
ашық дереккөзі
50254
«AMANAT» партиясы Жастар қанаты «Taza Sessiya» акциясында парақорлық жайлаған жоғары оқу орындарының тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Осы мәселеге байланысты «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында студенттерді «Taza Sessiya» акциясына қатысуға арнап бейнежазба жариялады.
«TAZA SESSIYA» акциясының басты мақсаты – жоғары оқу орындарындағы жемқорлық фактілерін анықтау мен осы бағытта әрі қарай сапалы жұмыс істеу. Біз бүкіл ел бойынша 60-тан астам ЖОО мен 30 000-ға жуық студентті қамтуды жоспарлап отырмыз. Бәрі ешкім білмейтіндей жағдайда болады», – деді ол.
Оның айтуынша, акцияны өткізуге басқа да мүдделі ұйымдар қосыла алады.
«Акцияны өткізудің басты шарты – адалдық пен анонимдік. Сондықтан әріптестерімізді осы іске қатысуға шақырамын. Тек бірлесіп қана университеттердегі сыбайлас жемқорлықты жойып, отандық білім беру деңгейін көтеруге үлес қоса аламыз», - деді Нұржан Жетпісбаев.
28-31 наурыз аралығында «AMANAT» партиясының Жастар қанаты мен Қоғамдық саясат институты бірігіп, «Taza Sessiya» акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Акцияның мақсаты – жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау. Жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облысты қамтиды. Сауалнама анонимді форматта жүргізіледі. Акция қорытындысы бойынша парақорлық жайлаған ЖОО тізімі жасалады. «Taza Sessiya» акциясын өткізудің соңғы қорытындысы бойынша 64 ЖОО мен 20 710 студент қамтылды. Сауалнаманың нәтижесінде ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық 12,5%-ға жеткені анықталды.

Серіктес жаңалықтары