50329
Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды
Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды
Қазақстандық 6 бірдей ауыр атлеттен допингке қарсы сынақ кезінде оң нәтиже анықталды деп хабарлады turkystan.kz Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.
«2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді», - делінген хабарламада.Бақылау қорытындысы бойынша, келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:
- Әуелханов Абылай
- Сон Игорь
- Потасова Юлия
- Чалкарова Руфина
- Дроздов Алексей
- Макрушин Матвей.
«Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті», - деп хабарлады аталған ведомстводан.