«Ресей азаматтары Қазақстаннан ЖСН алып, карта жасатуда» - қоғам белсендісі

«Ресей азаматтары Қазақстаннан ЖСН алып, карта жасатуда» - қоғам белсендісі

«Ресей азаматтары Қазақстаннан ЖСН алып, карта жасатуда» - қоғам белсендісі
ашық дереккөзі
50328
Ресей азаматтары Қазақстанның заңдарын айналып, өздеріне шет елдің Visa/mastercard карталарын жасап жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Қоғам белсендісі, кәсіпкер Арман Шораев Батыстың санкцияларынан кейін карталары жабылған ресейліктердің еліміздің банктері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өздеріне шет елдің Visa/mastercard карталарын жасап жатқанын жеткізді.
«Ресей азаматтары Қазақстанға бармай, біздің елге тіркеліп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алып, карта жасатып жатыр. Мұндай бассыздыққа Қазақстанның банктері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары жол беріп отыр. Ресейліктер осылай алаяқтықпен айналысып, сыбайластарымен бірге елімізді Батыстың санкцияларына ұшыратуы мүмкін. Осыны естір құлаққа жеткізетін адам бар ма?» - деп өз ойын ашына айтты ол.
 width=

Серіктес жаңалықтары