228
Елбасы: бақытты болу үшін президент атану шарт емес
Елбасы: бақытты болу үшін президент атану шарт емес
Бақытты болу үшін президент атану міндетті емес. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарға осындай ойын айтты.
"Ата-аналар балаларынан дұрыс оқуын сұрап, оларға міндетте түрде президент боласың деп айтады. Менің қарсылығым жоқ, президент болса болсын. Бірақ осы сөздер баланың есінде қалып қояды. Ойлағаны жүзеге аспаған соң, ол қиналады. Бақытты болу үшін президент атану міндетті емес", - деді ол.
"Кезінде біз Ельцинге былай дедік: "Борис Николаевич, сіздің немереңіз президент болғысы келеді". Ол бізге: "Ресейге екі президенттің қажеті қанша?" - деп жауап берген еді. Менің айтқым келгені, жастарға жүзеге асатын нәрселерді үйреткен дұрыс. Ең бастысы - адам тәрбиелеу, жақсы маман болу, өйткені ақылды сенен ешкім тартып ала алмайды. Сол кезде сен өмірде дегеніңе жетесің", - деп үйретті Назарбаев.
Бұл уақытта, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин одан екінші мерзімге президент қызметінде қалуын сұраған, бірақ Атамбаев ұсыныстан бас тартқан.