50258
Ресей Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды
Ресей Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды
БҰҰ Бас Ассамблеясы бейсенбі күні Украинадағы ахуалға байланысты өткен арнайы сессия барысында Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелігін тоқтату туралы Батыстың шешімін қабылдады деп хабарлады turkystan.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешімді қолдап 93 мемлекет дауыс берсе, 24 делегация қарсы шыққан, 58-і қалыс қалды. Құжатты қабылдау үшін дауыс беруге қатысушылардың үштен екісі қолдауы қажет әрі қалыс қалғандар есепке алынбайды. Осылайша, барлығы 117 делегация жақтап немесе қарсы дауыс берді.
Шешімді қолдаған 93 дауыс барлық мандаттың үштен екісінен асатын болғандықтан, шешім қабылданды.
Ресей Федерациясының өкілдері бұған дейін мұндай қадамның саяси астары бар екенін, БҰҰ жүйесі үшін салдары жойқын болатынын мәлімдеген.
Айта кетейік, Ресейдің мүшелігін тоқтату туралы шешім тек қазіргі ротацияға, яғни 2023 жылы Ресей Федерациясының кеңестегі мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады. Одан әрі Ресей Федерациясы мүшелікке қайтадан өтініш бере алады.