50293
Қарағандыда пакетке оралған сәбидің мәйіті табылды
Қарағандыда пакетке оралған сәбидің мәйіті табылды
Қарағанды тұрғыны гараж маңынан пакетке оралған жаңа туған баланың денесін тауып алды деп хабарлады turkystan.kz.
9 сәуірде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
«Полиция қызметкерлері оның зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың денесі екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100- бабына («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.