227
Мирзияев Өзбекстан президенті болып сайланды
Мирзияев Өзбекстан президенті болып сайланды
Өзбекстанның либеральдық-демократиялық партиясы атынан сайлауға қатысқан президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев 88,61 % дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Шавкат Мирзияев мемлекет басшысы сайлауында 88,61% дауыспен жеңіске жетті, деп мәлім етті республиканың орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов. «Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау» заңының 35 бабына сәйкес, бұл көрсеткіш Мирзияев мемлекет басшысы деп есептеуге құқық береді. Мирзияев Кәсіпкерлер мен іскер азаматтар қозғалысы - Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке үміткер болды.
Еске сала кетсек, дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды. ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл электораттың 87,83 пайызы. ОСК төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломовтың айтуынша, дауыс беру ел ішіндегі - 9383 және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өткен. Сайлауға төрт үміткер қатысты - президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан түсуде, Хатамжон Кетмонов Халық -демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан.