БҒМ мүгедек балаларды ұрып-соққан балабақшаға қатысты түсініктеме берді

БҒМ мүгедек балаларды ұрып-соққан балабақшаға қатысты түсініктеме берді

БҒМ мүгедек балаларды ұрып-соққан балабақшаға қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
50366
Білім және ғылым министрлігі елордалық инклюзивті балабақшадағы ұрып-соғу оқиғасы туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы ерекше мұқтаждығы бар балаларға арналған «Сати» жеке балабақшасындағы тәрбиешінің мүгедек балаларды ұрып-соққаны туралы видео тараған еді. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринованың айтуынша, қазір онда тексеру жүріп жатыр.
«Тексеру аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады. Білім және ғылым министрлігі мұның өте қиын жағдай екенін мойындайды. Мұндай нәрсе қайталанбауы керек, сондықтан біз қазір балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту шараларын қарастырып жатырмыз. Балабақшалардың өздеріне де, тәрбиешілерге де қойылатын талаптарды қатаңдатамыз», - деді Шолпан Қаринова Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен бірге, балабақшаларға тексеру жүргізу тәртібін де өзгерту жоспарланған.
«Балабақшаларды лицензиялауды қайтару қажет болатын шығар. Қазір осы нормаларды қарастырып жатырмыз», - деді Ш. Қаринова.

Серіктес жаңалықтары