Қостанайда 42 жастағы мұғалім оқушысы үшін өзіне қол жұмсады

Қостанайда 42 жастағы мұғалім оқушысы үшін өзіне қол жұмсады

Қостанайда 42 жастағы мұғалім оқушысы үшін өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
50328
Қостанай облысында мұғалім кәмелетке толмаған баламен байланысқа түскені жария болады деген қорқыныштан өзіне қол жұмсады деп жазды turkystan.kz tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап. Әуеликөл ауданының Бағалы ауылында тұратын 42 жастағы мұғалімнің қылмысы Қостанайдан келген ер адаммен төбелескеннен кейін белгілі болды. Бұл кикілжің мұғалімнің кәмелеттік жасқа толмаған қызбен ұзақ жыныстық қатынаста болғанын айқындап берді.
«Бұл байланыс оқушы қыз осы жергілікті мектепте оқып жүрген кезде болған. Кейіннен қыз Қостанайға көшіп кетті. Қазір ол 17 жаста. Қалада қыз 50 жастағы ер адаммен кездесіп, оған мұғаліммен алғашқы жыныстық қатынасы туралы әңгімелеп берген. Қостанайлық ер адам мұғалімді жазаламақ мақсатпен оны ұрып-соғып, зорлау туралы арызбен қорқытуға келген», – дейді аудан тұрғыны.
Тұрғынның айтуынша, мұғалім көрсетілген қысымға төтеп бере алмай, 6 сәуір күні өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция департаменті суицид фактісін растады. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары