Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті

Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті

Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
50305
Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар бала көлік астына түсті деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ», - делінген хабарламада.
Мәселен, Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің ауласымен келе жатып, самокат теуіп келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары