Қандай ұлттық компаниялар сатылады?

Қандай ұлттық компаниялар сатылады?

Қандай ұлттық компаниялар сатылады?
ашық дереккөзі
206
«Самұрық-Қазына» қоры өз құрамындағы «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп», «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта» компанияларының акцияларын сатылымға шығармақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қор басшысы Өмірзақ Шөкеев хабарлады. Оның айтуынша, компанияның негізгі активтері IPO арқылы сатылады. Бұл шешімді Мемлекет басшысы қолдады. IPO-ға бірінші болып, «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялары шығады. «Эйр Астана» компаниясы IPO-ны нарықтың дамуына қарай, 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында өткізуді жоспарлауда. Нәтижесінде компания қолында дауыс беруші акцияның 25+1 пакеті қалады. Акцияның 51 пайызы қазақстандық инвесторлардың қолында қалуы тиіс деген шешім шығарылды. «Қазақтелеком» компаниясы — ол қазірдің өзінде 49 пайызға жеке меншікте. Біз компанияны IPO-ға келесі жылдың соңында дайындауды көздеп отырмыз. «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының IPO бағдарламасы 2018 жылы өтеді деп межеленуде және оның 25 пайыз акциясы сатылады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сы да 2018 жылдың басында өтеді және 25 пайыз акциясы саудаға шығады. «Самұрық-Энерго» компаниясының IPO-сы 2019 жылы қуаттылық нарығы толық күшіне енген кезде өтеді. Сатылым көлемі акцияның 25 пайызы деп қарастырылуда. Акцияның 51 пайызы саудаға шығарылуы ықтимал. «Қазпошта» IPO-ны 2019 жылы 49 пайызға дейін өткізуі мүмкін. «Қазақстан теміржолы» компаниясы жаңғыртудан кейін IPO-ны 2020 жылы өткізуді жоспарлауда. Акцияның сатылымға шығатын көлемі — 25-49 пайыз. «Сонымен қатар біз қордың енді ғана өсіп келе жатқан активтері «Қазақ Эйр» мен «Тау-кен Самұрық» компанияларын саудаға шығарамыз», — деді ол. Оның айтуынша, жекешелендіруге жататын қор активтерінің тізімінде 217 нысан бар, оның ірі активтер көрсетілген бірінші бөлігінде 44 нысан бар болса, екіншісінде — 173 актив бар. «Бірінші тізімдегі 44 активтерге тоқталатын болсақ, 11 актив бойынша мемлекеттік комиссияның шешімі шығарылды», - деді Ө. Шөкеев. Олардың қатарында ҚТЖ, ҚазМұнайГаз, Самұрық-Энерго компанияларының — «Транстелеком», «ЕуразияЭйр», «Маңғыстау РЭК», «ШҚО РЭК», Ақтөбе ЖЭС, ТеңгізМұнай сынды активтері бар. «Бұл нысандар ашық сатылым арқылы саудаға түседі. «Транстелеком», «ЕуразияЭйр» бойынша жақын арада хабарландыру болады. «Қазақстан теміржолы» компаниясының төрт активі — «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар-Тальго» АҚ, «KTZE — Khorgos Gateway» компаниясы тікелей «General Electric», «Альстом», «Тальго», Ляньюньгань порты сынды компанияларға сатылады. Екі нысан 2016 жылдың соңында, қалған екеуі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сатылады деп жоспарлап отырмыз. Олардың сатылымынан түсетін жалпы сома шамамен 400 млрд теңге», - деп атап өтті қор басшысы.  

Серіктес жаңалықтары