Көкшетаулық дәрігер оқушыға манту сынамасының орнына вакцина салып жіберген

Көкшетаулық дәрігер оқушыға манту сынамасының орнына вакцина салып жіберген

Көкшетаулық дәрігер оқушыға манту сынамасының орнына вакцина салып жіберген
ашық дереккөзі
50331
Көкшетаудағы емхананың қызметкері 12 жастағы оқушының иығына манту сынамасының орнына вакцина салып жіберген деп хабарлады turkystan.kz Kznews.kz порталына сілтеме жасап. Оcыдан кейін арнайы комиссия құрылып, қаладағы барлық емдеу бөлімдеріне жедел тексеріс болып жатыр. Бұл оқиға 15 сәуірде Көкшетауда болған. Сол күні қалалық емхананың медбикесі мектеп оқушысының иығына инъекция салған. Соның кесірінен қыздың қызуы көтеріліп, ол анасына медбикенің коронавирусқа қарсы екпе салғанын айтады. Осыдан кейін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баланы тексеріп, бақылауға алған. Қазір оқушының жағдайы қалыпша. Ведомство басшысы Нариман Сыздықов жергілікті емханалардың барлық процедуралық кабинеттерін екпеге тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Оның құрамына Денсаулық сақтау басқармасы, Медициналық фармацевтикалық бақылау мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаменттерінің өкілдері кірді. Сондай-ақ ол мектеп оқушысына манту сынамасын жасаған медбикенің жұмыстан шеттетілгенін айтты. Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда 9 440 295 адам вакцина қабылдаған

Серіктес жаңалықтары