Ислам Каримовке ескерткіш орнатуға халықаралық байқау жарияланды

Ислам Каримовке ескерткіш орнатуға халықаралық байқау жарияланды

Ислам Каримовке ескерткіш орнатуға халықаралық байқау жарияланды
ашық дереккөзі
240
Өзбекстанның президенті болып сайланған Шавкат Мирзияев елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ескерткішін орнатуға халықаралық шығармашылық байқауын ұйымдастыру жөніндегі қаулыға қол қойды. Ұйымдастыру комитетін құру премьер-министрдің орынбасары Абдулло Ариповке тапсырылды деп жазады жергілікті БАҚ.
Қаулыда жазылғандай, Ислам Каримовтің Өзбекстанның дамуына сіңірген баға жетпес үлесі үшін, елдің мүддесін қорғауда ұлы тарихи қызметі үшін мәңгілік есте сақтау мақсатында ескерткіш орнатылады. «Өзбекстанның тұңғыш президенті өзінің жан-жақты саяси қызметінің нәтижесінде, мейірбандық адами қасиеттерінің арқасында көпғасырлы Отанымызға жарқын іздерін қалдырды. Ол біртуар тұлға, қайраткер ретінде тек Өзбекстанға ғана емес, әлемдік масштабта сый-құрметке ие», - деп атап өтілген қаулыда. Құжатқа сәйкес, халықаралық байқауға қатысушылар виза әзірлеу кезінде консулдық және өзге де алымдардан босатылады. Тіптен «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясы арқылы ұшу мен жүк өткізу тегін. Мұнан бөлек байқау аясында барлық жүктерді өзге елдерге өткізуде кедендік салықтан босатылады.

Серіктес жаңалықтары