50239
Қарағандыда төрт жастағы бала екінші қабаттан құлап кетті
Қарағандыда төрт жастағы бала екінші қабаттан құлап кетті
Қарағандыда 4 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«19 сәуірде Құрылысшылар даңғылындағы үйде ойын баласы үлкендердің қарауынсыз қалып, екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.Қарағандыда осымен бір жетіде оқыс оқиға қайталанып отыр. 16 сәуірде Гоголь көшесіндегі үйдің 5-қабатының терезесінен 3 жасар бала құлап кеткен еді. Қазір ол да ауруханада ем алып жатыр. Тағы оқи отырыңыз: Алматыда терезе жуып жүрген жұмысшы жоғары қабаттан құлады