Баспасөз орталығы ашылды

Баспасөз орталығы ашылды

Баспасөз орталығы ашылды
ашық дереккөзі
382
19 сәуір күні «Ашық партия» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жұмыс істейтін «AMANAT» Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығының ашылу салтанаты өтті. Оған БАҚ өкілдері мен медиа саласының мамандары қатысты. Жиында алғашқы болып сөз алған «AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев бұл баспасөз орталығы партияның халықпен кері байланысын, партияның ашықтығы мен жариялылығын арттырып, БАҚ-пен жұмыс істеуде тиімді құралдың бiрi бола­тынын жеткізді. – 1 наурызда өткен «AMANAT» партия­сы­ның кезектен тыс съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғырту, оның ішінде сайлаушылармен кері бай­ла­нысты күшейтуге және партиялықтардың қоғаммен ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты негізгі міндеттерді атап өткен еді. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат беру мақсатында көпфункционалды баспасөз орталығын аштық. Бұл – партия қызметінің ашықты­ғын қамтамасыз ету жолындағы қадамдар­дың бірі, – деп атап өтті партия хатшысы. Сөз арасында ол жаңадан ашылып жат­қан баспасөз орталығына да жан-жақты қолдау көрсетуге дайын партия мү­ше­лерін жеке-жеке атап өтті. Сонымен қа­тар алдағы уақытта медиа саласының ма­ман­дары­мен біріге отырып, істелетін жұ­м­ыстар төңірегіне де толық тоқталған еді. – Бұл баспасөз орталығының есігі бар­лық БАҚ өкілдері мен журналистерге әр­дайым ашық. «Ашық партия» атты бірың­ғай концепцияны барлығыңыз білесіздер. Соған сәйкес, біз болашақта осы жерде түрлі форматтағы бейнешараларды өткізбек­ші­міз. Ол – баспасөз мәслихаттарын, түрлі кез­­десулер ұйымдастыру, әртүрлі подкаст­тар жазу, дебаттар өткізу. Сондай-ақ мұнда партияның өкілдері ғана емес, журналистер үшін де қызықты тақырыптар бойынша шара­лар өткізу жоспарда бар. Соған барлы­ғыңыз бір адамдай белсенді түрде атсалы­са­сыздар деген сенімдемін, – деді Ринат Думанұлы. Сөз соңында ол баспасөз орталығы­ның жетекшісі болып Қымбат Қали тағайындалғанын айтты. Жиын қонақ­тары­на арнайы презентация таныстырылымын көрсеткен орталық жетекшісі алда өткізіле­тін шаралар мен жоспарларын бөлісті. Оның айтуынша, баспасөз орталығы дәс­түрлі конференциялардан бөлек, iскерлiк әрі бейресми кездесулер алаңы болмақ. Нақты айтқанда, брифингтер мен дөңгелек үстелдер, ZOOM бағдарламасымен онлайн жиындар, сарапшылармен сұхбат, аймақ­тармен телекөпір, БАҚ өкілдерімен ресми емес басқосулар өткізіледі. Еркін TEDx фор­матындағы шаралар ұйымдастыру да жоспарда бар екен. – Баспасөз орталығы күн тәртібіндегі өзектi тақырыптар бойынша ақпаратты талқылау және тарату орнына айналуы тиіс. Біз­де ел тұрғындарының арыз-шағымдарын қа­райтын қоғамдық қабылдау, қоғамдық кеңес сияқты, тағы да басқа түрлі салалық ба­ғыт бар. Сондықтан экологиялық, эко­но­микалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді тал­қылап, оның шешілуіне үлес қосқымыз ке­леді. Біз тек партияның жобаларын наси­хат­таумен емес, қоғамдық маңызы бар, ең түйткілді сұрақтардың жауабын табуға ат­­са­лыспақ ниеттеміз,– деді Қымбат Қали. Орталық жетекшісінің сөзінше, жұ­мыс шеңберінде қамтылатын бағыт көп. Оның ішінде партия жобаларын жүзеге асыру, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, Talqylau диалог алаңының жұмысын ұйым­дас­тыру бар. «AMANAT» партиясы жастар мә­селесіне ерекше назар қоятындықтан, «JAS OTAN» Жастар қанатымен біріге оты­рып, жастар саясаты мен жастарға арналған жо­баларды қолдауға басымдық беріледі. Сайлау процесі де партия жұмысының ең не­гізгі бөлшегін құрайтыны рас. Сондықтан пар­тияның сайлауалды бағдармаларының орын­далуын қадағалау, сол кезеңде қоғамда ре­зонанс тудыратын сауалдарға дұрыс жауап берілуін бақылау сияқты функциялар да қатар атқарылуы қажет. Одан бөлек, депутаттардың аймақ­тар­ға сапары, елдегі ең түйткілді мә­се­лелер бойынша пікір айта алатын спи­керлерді кездесу алаңына шақыру, әлеу­мет­тік маңызы бар тақырыптар төңірегінде би­лік өкілдерімен бірге дөңгелек үстелдер ұйым­дастыру және депутаттық сұраныстар мен заңға қатысты ұсыныстардың Пар­ла­мент­те қаралуы сияқты жұмыстар баспасөз ор­талығының назарынан тыс қалмайды. Сондай-ақ баспасөз конференциялары партияның әлеуметтік желiдегi жеке парақ­шаларында онлайн режимде көр­се­ті­леді. Баспасөз орталығы журналистер мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін қажетті мультимедиа құралдарымен жабдықталған. Соны пайдалана отырып, алдағы уақытта өзге өңірлердегі сарапшы мамандар, спи­кер­лермен онлайн кездесу, дебат, диалог алаң­дарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Түйіндей айтқанда, баспасөз мәс­ли­ха­тының негізгі тақырыптары «AMANAT» партиясы депутаттық фрак­циясынын заң шығару бастамалары, қоғамдық кеңес­тер мен Республикалық қоғамдық кабылдау бөл­месiнiң қызметі, партиялық жобаларды іске асыру және сайлауалды бағдарламаны орын­дау болмақ. Баспасөз орталығының таныстыры­лы­мынан соң сөз алған медиа тренер Ақерке Берлібай, журналист Асқар Жал­ди­нов, NewsHub.kz порталының негізін салу­шы Ерлан Рамазан, Qazaqstan ҰТА Ақпарат­тық сараптамалық бағдарламалар бөлімінің директоры Жалғас Сәдібекұлы партияның жа­нынан ашылып жатқан жаңа баспасөз ор­талығының алдағы жұмыстарына сәт­тілік тілеп, жылы лебіздерімен бөлісті.

Әсем БЕКТЕМІРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары