366
Қашағанда 2017 жылы 9 млн тоннаға дейін мұнай өндірілмек
Қашағанда 2017 жылы 9 млн тоннаға дейін мұнай өндірілмек
Атырауға жұмыс сапарымен барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ірі және еліміздегі тұңғыш теңіз кен орны Қашағанның ресми ашылу шарасына қатысты.
«2016 жылы 1 қарашада Қашағандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 75 мың баррельден асып, коммерциялық деңгейге шықты. Қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемін ұлғайту мақсатында тәулігіне 180 мың баррель деңгейін тұрақтандыру жұмыстары жүруде. Биылғы жылдың соңына дейін 1 миллион тонна мұнай мен 680 миллион текше метр газ, 2017 жылы – 8,9 млн тонна мұнай мен 5,6 млрд. текше метр газ өндіру жоспарланған. Одан кейінгі жылдары мұнай өндірісін 13 миллион тоннаға және газ өндірісін 9 млрд. текше метрге дейін көбейту жоспарда бар», – деп баяндады Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысына.