Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін
ашық дереккөзі
50250
Қазақстан мен АҚШ өзара тікелей әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Boeing компаниясының вице-президенті Монте Фрейзермен кездесуінен белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Boeing 737 MAX және 787 Dreamliner әуе кемелерін Air Astana және SCAT әуе компанияларына жеткізу мәселелері талқыланды. Кейін Т.Ластаев пен М.Фрейзер ҚР мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ, Қазақстанда Boeing компаниясының жаттығу және техникалық орталықтарын орналастыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ екі тарап Boeing компаниясының АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) Ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалауынан (IASA) жедел өту үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне өтеусіз техникалық көмек беру және ҚР мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті іске қосу үшін CAT1 мәртебесін алу туралы уағдаласты. Әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ, арнайы консалтингтік компаниялардың техникалық тұрғыдан қолдау көрсетуінің орташа құны шамамен $2-2,5 млн құрайды. Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде биыл мамыр айының үшінші онкүндігінде Boeing мамандары Нұр-Сұлтан қаласына келеді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Қазақстанда азаматтық авиация саласындағы жас таланттарға арналған Boeing компаниясының арнайы оқыту бағдарламасын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.

Серіктес жаңалықтары