193
ХОК Ресейге қарсы санкцияларының мерзімін ұзартты
ХОК Ресейге қарсы санкцияларының мерзімін ұзартты
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Ресейге қарсы биыл 19 шілдеде допинг жанжалға байланысты енгізген санкцияларының мерзімін ұзартты. ХОК-тың атқарушы комитеті шектеулерді "ерекше жарлық қабылданғанға дейін" тоқтатпау туралы қаулы етті.
Соған байланысты Ресей аумағында ХОК басқаруындағы ешқандай спорт жарыстары мен шаралары өткізілмейді.
Бұған қоса, комитет қысқы спорт түрлері бойынша барлық олимпиада федерацияларын Ресейдегі қандайда бір халықаралық чемпионаттар мен кубоктарға "дайындықты доғаруға" және "оған балама ұйымдастырушылар табуға" шақырды.
ХОК-тың Ресейге қатысты санкциялары бастапқыда жыл аяғына дейін ғана енгізілген болатын.