50565
Қайрат Нұртастың әйелі мұқтаж отбасыға баспана сыйлады (ВИДЕО)
Қайрат Нұртастың әйелі мұқтаж отбасыға баспана сыйлады (ВИДЕО)
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Түркістан облысында жағдайы жоқ отбасыға баспана алып берді деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, 17 млн теңге 24 сағатта жиналған.
«34 жасымда қарапайым халық бастап, туған-туыс, дос-жаран, әріптес-серіктес, айналам болып 24 сағатқа жетер-жетпес уақытта 17 млн теңге қаржы жинаппыз. Осы қаражатқа @xareket_qory_official іздеп жүріп, ауласында жүзімі мен жаңғағы өскен, жасыл желегі бар, жанында жазғы тамы бар, жер асты гаражы бар, 5 бөлмелі үй тапты. Отау құрғалы өз баспаналары болмаған Замира ханымның отбасы, Алланың қалауымен, қасиетті айда шаңырақтарын алды. Жақын күндері @xareket_qory_official ішін жиһаздармен жабдықтап береді. Жаңғағы мен жүзімін күтіп-баптап, жемісін сатса да, ары қарай кәсіп қып дөңгелетіп әкетсе де, еш кедергі жоқ. Енді баланың жас санасына «Жыласа ғана береді» деген теріс түсінікті қалыптастырмай, үлкендер еңбек пен білім арқылы жол көрсетсе деген ниетім бар. Әуелі осыншама халық алдындағы абырой мен сенім берген Аллаға сансыз шүкір! Ол болмаса, 17 млн тұрмақ, 17 мың да жиналмас еді. Сондықтан Алла абыройымыздан айырмасын. Одан соң, әр бастамамды қолдап, біреуі даттаса мыңы жақтап алатын, жақыным, сыншым, жанашырым халыққа рақмет! Туған күніме қомақты қаражат аударған достарым мен серіктестеріме алғыс!» - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова instagram парақшасына.
Посмотреть эту публикацию в Instagram