200
Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың жаңа тәсілін айтты
Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың жаңа тәсілін айтты
Үкімет ҚР Президентінің қарауына Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қалыптастыру бойынша жаңа тұжырымдама енгізді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.
«Әлемдегі жағдай күрделі екені баршаға белгілі. Мұны көріп отырмыз. Барлығы ақша тек Ұлттық қордан келеді, басқа тиын жоқ деді. Егер біз тек осы бағытта әрекет етсек, онда Ұлттық қорда түк те қалмайды. Біздің Ұлттық қор жайлы тілегіміз мұнайдың барреліне 100-115 доллар болған кездегідей қалып қойған. Бүгінгі мұнайдың бағасы мүлдем басқаша. Біз Ұлттық қордың қаражатын мұнайдың бағасы барреліне 100 доллар жағдайында өмір сүріп жатқандай пайдаланғымыз келеді. Сондықтан біз Мемлекет басшысына Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасын енгіздік. Президент тұжырымдаманы мақұлдады. Тиісті шешімдер бар. Келесі жылдан бастап Ұлттық қордың қаражатын басқаша пайдаланатын боламыз», - деді «Атамекен» ҰКП Президиумының отырысында Сағынтаев. Еске салсақ, қазанда ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үш жылда Ұлттық қор қаражатын пайдалану көлемі азайтылатынын хабарлаған. «Өкінішке орай, Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудан қазіргі сәтте бас тарта алмаймыз. Бірақ, жоспарымыз бойынша, 2017, 2018, 2019 жылдардан бастап үш жыл ішінде біз бюджет шығыстары мен Ұлттық қордан тартылатын қаражат көлемін теңгерімдейміз», - деп атап өтті ол.