50394
Ақтауда тергеу изоляторында сотталғандарға ауызашар берілді
Ақтауда тергеу изоляторында сотталғандарға ауызашар берілді
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 қауіпсіздігі аралас мекемесінде «Шарапатты Рамазан» шарасы аясында сотталғандарға ауызашар берілді деп хабарлады turkystan.kz.
Іс-шараны облыстық Бекет Ата мешіті және «Отпан» ақпараттық-түсіндіру орталығымен бірлесіп өткізді.
Қазіргі уақытта өңірдегі тергеу изоляторында 200-ден астам сотталған жазасын өтеуде, оның 110-ы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жатыр.
«Ораза ұстаушылардың рационы пенитенциарлық жүйеде бекітілген мәзірден біршама ерекшеленетіндіктен, мекеме қызметкерлері сотталғандарға құрма, су, нан, салат және палау кіретін тамақ қоржындарын таратты», - деп көрсетті Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.⠀