50353
Ташкент трамвай желісін қайта қалпына келтіргелі жатыр
Ташкент трамвай желісін қайта қалпына келтіргелі жатыр
Ташкент қаласында трамвай желісі қайтадан қалпына келтірілетін болды деп хабарлады turkystan.kz gazetа.uz порталына сілтеме жасап.
Өзбекстанның астанасында көлік жүйесін Беларусьтің мамандары іске асыруы мүмкін. Бұл туралы Беларусь Премьер-министрі Роман Головаченко Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен кездесуде айтты. Ол Ташкент трамвай құрылысы жобасына қатысуға өздерінің дайын екенін білдірді.
Ташкентте 25 сәуір күні «Иннопром Орталық Азия» атты халықаралық өнеркәсіптік көрме басталған болатын. Бүгін ол бітеді.
Алматы қаласында трамвай желісі біржолата құрып кетсе, Өзбекстан астанасы оны қалпына келтірудің әрекеттерін жасап жатыр.
Тағы оқи отырыңыз: Астаналық сәулетші LRT-ны трамвай желісіне айналдыруды ұсынды