203
Балабақша ақысы қымбаттай ма?
Балабақша ақысы қымбаттай ма?
Биыл қазақстандықтар балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне өткен жылмен салыстырғанда 7,1%-ға артық ақша төлеген, деп хабарлайды abctv.kz.
Осы жылдың 3 тоқсанында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу қызметінің жалпы құны 58,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 4 есе жоғары.
2016 жылдың қараша айында баланы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бір рет апару үшін ата аналар орташа есеппен 738 теңге төлеген. Бұл 2016 жылдың қазан айымен салыстырғанда 0,1%-ға төмен, алайда өткен жылға қарағанда 7,1%-ға жоғары.
Ең жоғарғы баға Астанада — 1719 теңге немесе +25%, Алматыдағы баға 1604 теңге, Ақтауда — 863 тг, (+8,7%). Бағаның ең жоғарғы өсу қарқыны Таразда. Мұнда баға бір жылда 41,1%-ға дейін қымбаттаған. Жалпы 3 тоқсанда 58,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3%-ға жоғары. Мұның 20%-ы немесе 11,2 млрд теңгесі Оңтүстік Қазақстан облысына, 11%-ы (6,2 млрд теңге) Алматыға тиесілі. 2016 жылдың 3 тоқсанында мектеп жасына дейінгі бір баланы оқыту мен тәрбиелеу қызметіне 79,9 мың теңге жұмсалған.