Тәуелсіздік мерекесінде 4 күн демаламыз

Тәуелсіздік мерекесінде 4 күн демаламыз

Тәуелсіздік мерекесінде 4 күн демаламыз
ашық дереккөзі
243
Тәуелсіздік күні мерекесінде де қазақстандықтар төрт күн демалады. Ал жаңа жылды 31 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында атап өтеді. Тәуелсіздік күніне орай 16 және 17 желтоқсанда демалыс болады. Бірақ 17 желтоқсан сенбі күніне келгендіктен, 19 желтоқсан да демалыс деп жарияланған болатын. Жаңа жыл мемлекеттік мереке болып табылады, ресми түрде 1 және 2 қаңтар атап өтіледі. Алайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндер сәйкес келгенде демалыс күні мерекелік күннен кейінгі жұмыс күні болып табылады. 1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс мерекеден кейінгі жұмыс күні сейсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 31 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында демалады. Келесі демалыс 7 қаңтарда болады. Православиелік Рождество сенбіге түседі, жұмыс режімінен және ауысымдық кестесінен тыс демалыс күні болып табылады. Демалыс бір күн болады.  

Серіктес жаңалықтары