Еуропалық одақтың "қара тізімінен" шыққан әуе компаниялары

Еуропалық одақтың "қара тізімінен" шыққан әуе компаниялары

Еуропалық одақтың "қара тізімінен" шыққан әуе компаниялары
ашық дереккөзі
271
Еуропалық комиссия қазақстандық әуе компанияларынан Еуропаға ұшуға қойылған тыйымды алып тастады, деп хабарлады бейсенбі күні Қазақстанның азаматтық авиация комитеті .
Еуропалық одаққа ұшу қауіпсіздігінің тізімін Еуропалық комиссия әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірлейді. "Эйр Астанадан" басқа қазақстандық әуе компаниялардың барлығы да бұған дейін осы тізімде болды. Тізім жаңартылған соң, халықаралық стандарттарға сай "қазақстандық әуе тасымалдаушылардың барлығы бұл тізімнен шығарылды", делінген комиссия сайтында бейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде. Тізімді қайта жаңарту туралы шешім 22-24 қараша аралығында Еуропалық комиссияның әуе қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кездесуінде қабылданды. Қазақстандық әуе компаниялары Еурокомиссияның "қара тізіміне" алғаш рет 2009 жылы ілінді. 2014 жылы желтоқсанда Еурокомиссия "Эйр Астанадан" басқа қазақстандық әуе компанияларының барлығына Еуропа аспанында ұшуға тыйым салды. Комиссия мәлімдемесі бойынша, Азаматтық авиация халықаралық ұйымы енгізген стандарттарды Қазақстан қолдады.

Серіктес жаңалықтары