Финляндия Қытайдан Қазақстан арқылы жүк тасымалдайтын болды

Финляндия Қытайдан Қазақстан арқылы жүк тасымалдайтын болды

Финляндия Қытайдан Қазақстан арқылы жүк тасымалдайтын болды
ашық дереккөзі
50295
Финляндиядағы ең ірі жүк операторы Nurminen Logistics Қытайдан Қазақстан арқылы жүретін контейнерлік бағытты іске қосты деп хабарлады turkystan.kz Azernews-ке сілтеме жасап.
«Nurminen Logistics-тің алғашқы толық өлшемді контейнерлік пойызы 2022 жылдың 10 мамырында Қытайдың Чонгсин қаласынан оңтүстік транскаспийлік жаңа бағыт бойынша аттанды», - делінген компания хабарламасында.
Жол Қытайдан басталып, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Румыния арқылы Орталық Еуропаға өтеді. Компания қазақстандық теміржолшылармен бірлесе отырып, екі айдың ішінде жол бағытын нөлден бастап құрды.
«Жаңа бағыттағы пойыз үлкен сұранысқа ие. 25 мамырда жүретін келесі пойызға санаулы ғана орын қалды. Апта сайын жүретін рейс маусым айына жоспарланып отыр», - делінген компания хабарламасында.
Бұған дейін Nurminen Logistics Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ниеті туралы мәлімдеп, 16 наурызда Қазақстан мемлекеттік темір жолымен коммерциялық пайдалану туралы келісімге қол қойды.

Серіктес жаңалықтары