50357
146 млн теңге: Ұлттық музей басшылығы күдікке ілінді
146 млн теңге: Ұлттық музей басшылығы күдікке ілінді
Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген хабарламада.Ведомствоның мәліметінше, шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.
«Қазіргі уақытта тергеу сотының санкциясымен тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады», - делінген хабарламада.