Елімізде құс етінің импортына тәуелділік 35%-ға дейін азайды

Елімізде құс етінің импортына тәуелділік 35%-ға дейін азайды

Елімізде құс етінің импортына тәуелділік 35%-ға дейін азайды
ашық дереккөзі
50326
Еліміз құс еті импортына тәуелділікті соңғы 3 жылда 51% - дан 35% - ға дейін төмендетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің басты салаларының бірі. Оның үлесіне ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 42,1% - ға жуығы, ал экспортта мал шаруашылығы өнімінің үлесі 4%-ды құрап отыр. Еліміздің мал шаруашылығы жалпы ауыл шаруашылығының салыстырмалы түрде тұрақты дамып келе жатқан саласы ретінде сипатталатыны айта кеткен жөн. Бұған мал мен құс санының тұрақты өсу қарқыны, олардың сапалық көрсеткіштерінің жақсаруы, жануарлардың өнімділігінің артуы, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің ұлғаюы дәлел бола алады. Еліміз жұмыртқа бойынша өзін-өзі қамтамасыз етеді, ал құс еті бойынша соңғы 3 жылда импортқа тәуелділікті 51% - дан 35% - ға дейін төмендетті», - деді Ербол Қарашөкеев.
Айтуынша, мұның барлығы саланың көлемі жылдан-жылға тұрақты қарқынмен артып келе жатқаны  мемлекеттік қолдау шараларының арқасында болған.
«Бұл бүгінгі таңда саланың инвестициялық тартымды болуына әкелгенін айта кеткен жөн», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары