50257
Шығын 1,3 млн теңге: жоқ көлікті «сатумен» айналысқан алаяқ ұсталды
Шығын 1,3 млн теңге: жоқ көлікті «сатумен» айналысқан алаяқ ұсталды
Екібастұз қаласының тұрғыны Kolesa.kz сайтына жүк көліктерін сату туралы хабарландыру жариялап, алдын ала төлем алып, кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ол телефонына түрлі мобильді SIM-карталарды салып, Кolesa.kz сайтында шын мәнінде меншік құқығы болмаған жүк көліктерін арзан бағамен сату бойынша әртүрлі хабарландырулар жариялаған. Жәбірленушілер осы хабарландырулар бойынша Кolesa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүгініп, оған жүк көліктері үшін кепіл ретінде 15 мың теңгеден бастап 1,3 млн теңгеден астам әртүрлі сомада ақша аударған. Оның мұндай 15 фактіге қатысы бар екені дәлелденді. Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің қатарында еліміздің әр облыстарының тұрғындары бар. Қазір басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Екі айға дейін қамауға алуға санкция берілді», – деді Екібастұз қаласының ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.