Қазақстанда «Крыша» немесе рейдерлік көзқарас мүлде болмауы керек

Қазақстанда «Крыша» немесе рейдерлік көзқарас мүлде болмауы керек

Қазақстанда «Крыша» немесе  рейдерлік  көзқарас мүлде болмауы керек
ашық дереккөзі
50387
Бұл жайында Мемлекет басшысы Ақордада өткен отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен жұмыс істеу кезінде ескі тәсілдерге жол берілмеуі керек екенін айтып, құқық қорғау органдары қызметіндегі бірқатар кемшіліктерді сынға алды. Әсіресе олардың тарапынан рейдерлік немесе негізсіз қысым жасаудың әрбір анықталған фактісі бас прокурордың жеке бақылауында болуы тиіс екенін баса айтты. Жиын барысында Президент елдегі «Крыша»  және  рейдерлік мәселесіне де тоқталды. «Біздің елде рейдерлік пен «крышалар» атымен болмауы керек. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдау керек, ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бизнеске заңсыз кедергі келтіргендер, мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс болып саналатыны жайлы да ескертті.

Серіктес жаңалықтары