50311
Көлікпен полициядан қашқан 15 жастағы ақтаулық жасөспірім ұсталды (ВИДЕО)
Көлікпен полициядан қашқан 15 жастағы ақтаулық жасөспірім ұсталды (ВИДЕО)
Ақтауда 15 жастағы жасөспірім ата-анасының көлігін рұқсатсыз алып, жоғары жылдамдықта полициядан қашпақ болған, деп хабарлады turkystan.kz «Лада Ақтау» порталына сілтеме жасап.
Оқиға 19 мамыр күні кешке 30-шағынаудандағы саяжайда орын алған. Жасөспірім ата-анасының көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Полицейлердің көзіне түскен ол жоғары жылдамдықпен жол ережесін бұзып, төтенше жағдай туғызып, қашып кетпек болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін тоқтатып үлгерді.
«Мән-жайды анықтау барысында 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз көлік кілтін алып кеткені анықталды. Құқық бұзушы кәмелетке толмағандықтан ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз адамның басқаруы» және 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонын пайдалану» бойынша жауапкершілікке тартылады», – деп түсіндірді полиция.