Трамп Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы етіп тағайындады

Трамп Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы етіп тағайындады

Трамп Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы етіп тағайындады
ашық дереккөзі
197
АҚШ президенті болып сайланған Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшылығы қызметіне Рекс Тиллерсонды тағайындайтынын жариялайды, деп хабарлады Трамптың өкілі америкалық баспасөзге.
Exxon Mobil әлемдегі ірі мұнай компаниясының атқарушы директоры болып істейтін Тиллерсон бұрын мемлекеттік және дипломатиялық қызметте жұмыс істемеген. Дональд Трамптың пікірінше, мұнай концернінің басшысы - әлемде іскерлік байланысы көп адам ретінде мемлекеттік хатшылық қызметіне лайықты. Тиллерсонның америкалық заң шығарушылар арасында сыншылары аз емес. Сенатор-республикашыл Джон Маккейннің мәлімдеуінше, Тиллерсонның Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы "алаңдаушылық туғызады". Президенттікке бұрынғы үміткер сенатор-республикашыл Марко Рубио да осыған алаңдайтынын мәлімдеді. Нью-Йорктың бұрынғы мэрі Рудольф Джулиани, президенттікке бұрынғы үміткер Митт Ромни, ОБО бұрынғы басшысы Дэвид Петреус және сенатор Боб Коркер мемлекеттік хатшылық қызметіне таласып отыр. Тиллерсонның АҚШ мемлекеттік хатшылық қызметіне тағайындалуы туралы ресми жаңалық жақын күндері белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары