4 жасар баланың ішінен ұзындығы 8 см құрт шықты

4 жасар баланың ішінен ұзындығы 8 см құрт шықты

4 жасар баланың ішінен ұзындығы 8 см құрт шықты
ашық дереккөзі
50717
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршінге ота жасау барысында өкпесінен құрт алған деп хабарлады turkystan.kz. Дәрігерлер баланы рентген, компьютерлік томографиялық тексерістен өткізіп, өкпесінің оң жақ бөлігінен эхинакокк кистасын анықтаған.
«Сәбиге ота 13 мамыр күні жасалды. Баланың өкпесіне ашық түрде ота жасалып, құртты кистамен бірге алып шықтық. Құрт баланың кеуде қуыс аймағын жайлаған. Бір сағатқа созылған ота сәтті өтті», - деді қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ә.Түлкібаев.
Баланы 18 мамыр күні ауруханадан үйіне шығарды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт-түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіретінін айтты.

Серіктес жаңалықтары