«Конституция - кез-келген мемлекеттің іргетасы» - депутат

«Конституция - кез-келген мемлекеттің іргетасы» - депутат

«Конституция - кез-келген мемлекеттің іргетасы» - депутат
ашық дереккөзі
50275

Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Мәди Ахметов Алматы қаласындағы еліміздегі жетекші жоғары оқу орындардың бірі - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ұжымымен және студенттерімен кездесті.

Онда депутаттар Конституцияға енгізілген түзетулер туралы жан-жақты түсіндірді.

«Конституция - кез келген мемлекеттің іргетасы. Қазіргі қоғамда өзгерістер үлкен сұранысқа ие. Референдум өтетін күнге дейін аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туды», – деді Елнұр Бейсенбаев.

 width=

Өз кезегінде партия мүшелері әрбір қазақстандықтың алдында маңызды шешім қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.

«Қазір еліміздің барлық өңірлері мен елді мекендерінде мемлекетіміздің басты құжатына түзетулер енгізуге қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біз алматылық жастармен кездесуде олардың референдумға деген қызығушылығы жоғары екенін байқадық. Себебі, іс-шараларда көптеген өзекті тақырыптар көтеріліп, студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Ел Президенті ұсынған негізгі реформалар олардың қоғамдық-саяси болашағына деген сенімін нығайтуда»,- деді депутат Мәди Ахметов.

Кездесу соңында қатысушылардың көпшілігі конституциялық түзетулер жобасы бойынша ел тұрғындарының жалпыға бірдей дауыс беруі бірлігімізді арттырады деген ортақ пікірге келді.

 width=

Серіктес жаңалықтары