30-дан астам қойды қаққан көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

30-дан астам қойды қаққан көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

30-дан астам қойды қаққан көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50305
Жол талғамайтын көлікпен 30-дан астам қойды қаққан жүргізушінің әрекеті туралы видео әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан 30-дан астам қой, ешкі, қозы-лақтың тас жол бойында қансырап өліп жатқанын көруге болады. Телефонымен видеоға түсірген адамның айтуынша, оқиға Алматы облысындағы Тоғызбұлақ - Қалжат тас жолы бойында 20 мамыр күні сағат 07.37 кезінде орын алған. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, жолға шыққан қойларды байқамай қалған. Сондай ақ ол оқиға орнынан бойтасаламақ болған.
Toyota Lend Cruiser автокөлігін Талғар ауданының 25 жастағы тұрғыны басқарған. Ол «Ақсай-Шонжы-Қалжат» тас жолының 55 шақырымында қойларды қағып өткен. Медициналық сараптама барысында көлік жүргізушісі масаң күйде болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабы және 610-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жол ережесін бұзған адам ұсталып, қамауға алынды», - деді Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары