257
ЕҚҚДБ Қазақстанға 1 млрд еуро бөледі
ЕҚҚДБ Қазақстанға 1 млрд еуро бөледі
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасына 800 миллионнан 1 млрд еуроға дейін инвестиция құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Хабар24.
Биыл 30-дан астам жобаға 900 миллион еуроға дейін қаржы бөлмек. Бұл – ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, энергия үнемдеу мен шағын және орта бизнес саласындағы жобалар. Бұл туралы жылдық жұмысын қорытындылаған Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері хабарлады.
Банк сарапшыларының пікірінше, Қашаған кен орны ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуы тиіс. Егер Қашаған тәулігіне 300 мың баррель өнім өндірсе, онда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қосымша жарты пайызға артады. Әзірге Қашағанда тәулігіне 100-120 мың баррель қара алтын өндіріліп жатыр.
Жалпы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшылығы ел экономикасына оң бағасын берді. Банк қаржысы салынған жобалар табысты жұмыс істеп келеді.