51589
Қызылорда облысында 5 мың гектар күріш алқабы қысқарған
Қызылорда облысында 5 мың гектар күріш алқабы қысқарған
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев су үнемдеу шараларының аясында биыл Қызылорда облысында 5 мың гектар күріш алқабы қысқарғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы облысында су ресурстарының тапшылығын қысқарту мақсатында облыс әкімдігі ылғал сыйымды дақылдардың, оның ішінде Балқаш ауданында күріштің егістігін 1 мың гектарға азайтты. Облыстың барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Жамбыл облысында да, бұрын айтылғандай, мемлекетаралық пайдалану объектілеріне су беру кестелері бекітілді. Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс аумағында суару желілерін реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. Суармалы су беру айналма каналдар арқылы жүзеге асырылуда», - деді министр.Оның айтуынша, Түркістан облысында биыл күріш алқабы 600 гектарға дейін қысқартылған.
«Қызылорда облысында күріш алқабы 78,3 мың гектарға дейін төмендеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5 мың гектарға аз. Сондай-ақ Үкімет резервінен ұңғымаларды жөндеу мен бұрғылауға, сорғы қондырғыларын сатып алуға 3,6 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді», - деді Серікқали Брекешев.