Әйтеке биге ескерткіш орнатылды

Әйтеке биге ескерткіш орнатылды

Әйтеке биге ескерткіш орнатылды
ашық дереккөзі
346
Ақтөбе облысының Әйтеке би ескерткіші ашылды. Биіктігі 7 метр болатын Әйтеке бидің ескерткіші Қарабұтақ ауылына кіреберістегі үш жолдың,  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Қызылорда бағытына және Қостанай бағытына бұрылатын айрығына орнатылған. Бұл ескерткішті орнатуға «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетов пен бас мердігер, «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ақтөбе облыстық филиалының директоры Әкімжан Өтемұратов бастамашы болды. — Әйтеке би бабамызға 1993 жылы 350 жылдығы мерекеленгенде осында бюсті орнатылған. Көкейімізде бір әдемі ескерткіш орнату көптен бері жүр еді. Соны ақылдаса келе, осы үш жолдың айрығына қоюды шештік. Жер жұмыстарын ақтөбелік жолшылар өз күштерімен атқарды, ал, ескерткіші демеушілердің қаржысына жасалды. Мүсінші Аяпберген Қарпықовтың қолынан шыққан ескерткіш еңселі де көрнекі. Бұл ақтөбелік жолшылардың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жасаған тартуы десе де болады. Батырларымызды, хандарымызды және билерімізді, алаштың айтулы тұлғаларын есте қалдыру арқылы Тәуелсіздіктің қадір – қасиетін жастарға өнеге –үлгі етудің тәрбиелік мәні зор, — дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетов. Оның айтуынша, ескерткіш маңайын көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары көктемде басталады. Ескерткіш тұғырына келер ұрпаққа жолдау жазылған капсула салынды. Осы жерге «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» деп жазылған стелла орнатылған. Ескерткішті Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ыбрашев пен еңбек ардагері, Әйтеке бидің тікелей ұрпағы Сәрсенәлі Қалтаев ашты. Әйтеке би бабамызға ас беріліп, Құран бағышталды.

Серіктес жаңалықтары