50305
Аула сыпырушылар қоғамдық көліктермен қалада тегін жүретін болады
Аула сыпырушылар қоғамдық көліктермен қалада тегін жүретін болады
Қызылордада 1 маусымнан бастап «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшылары қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен болған кездесуде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қызылорда тазалығы» кәсіпорнында 18 жылдан бері еңбек етіп етіп жүрген Гүлайым Қарғабаева қабылдау кезінде қоғамдық көлікпен жиі қатынайтынын, ол қалтаға едәуір салмақ салатынын айтып көмек сұраған.
«Ең болмағанда, қалалық автобустармен жүру кезінде жеңілдіктер болғанын қалаймын. Өйткені, біз қоғамдық көлікпен күнделікті жүреміз, ал жалақымыз болса бұған жетпейді», - деген әйел.Облыс әкімі бұл мәселені табан астында шешті.
«Сіздер күн сайын, ауа райының қандай екеніне қарамастан, көшеге шығып жұмыстарыңызды жасайсыздар және біз мұны жоғары бағалаймыз», - деді Қызылорда облысының әкімі.Айта кетсек, облыс әкімі «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшыларының еңбегі аса жауапты әрі қиын екенін атап өтті.