Қасым, Жомарт, Кемелдің жағдайы қалай? (ВИДЕО)

Қасым, Жомарт, Кемелдің жағдайы қалай? (ВИДЕО)

Қасым, Жомарт, Кемелдің жағдайы қалай? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50391

Мемлекет басшысының есімі қойылған сәбилерді 36 жастағы келіншек экстракорпоралды ұрықтандыру көмегімен өмірге әкелді деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Нәрестелердің салмағы – 2 келі 620 грамм, 2 келі 270 грамм және 1 келі 925 грамм. Үшемнің ата-анасы Мират пен Қарлығаштың 13 жастағы қызы бар. Қазіргі уақытта қыздары інілерімен қауышатын күнді асыға күтуде. Ал, дәрігерлердің айтуынша, қазір сәбилердің денсаулығы қалыпты. «УЗИ-де үшем деп айтқанда, үлкенін Кемел атаймыз деп шештік. Кейін егіздер ер бала деген соң Қасым, Жомарт деп Президенттің атын қоюды жөн көрдік. "Болашағы жарқын болсын, біздің Президент сияқты сауатты болсын" деп ырымдап қойдық», – деді үшемнің анасы Қарлығаш Жармағамбетова. Мамандардың айтуынша, Ақтөбеде соңғы екі жылда дүниеге келген алғашқы үшем. Балалар анасымен бірге әзірге перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болады.

 

Серіктес жаңалықтары