Мемлекетіміздің заңдарын жетілдіре түсу үшін маңызды – Балнұр ҚЫДЫРБЕК, композитор

Мемлекетіміздің заңдарын жетілдіре түсу үшін маңызды – Балнұр ҚЫДЫРБЕК, композитор

Мемлекетіміздің заңдарын жетілдіре түсу үшін маңызды – Балнұр ҚЫДЫРБЕК, композитор
ашық дереккөзі
221
– Алғашқы Конституциямызды қа­былдағанымызға да отыз жылдай уақыт болды. Одан бері де Ата Заңы­мыз­ға талай өзгеріс енгізілгені белгілі. Де­генмен, «Елу жылда ел жаңа» деген­дей, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығынан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел конститу­ция­сына реформа жасау жолында бүкіл­ха­лықтық референдум өткізуін осы ел­дің азаматы ретінде қолдаймын. Мемлекет басшысының ұсы­ны­сымен жасалып жатқан реформа. Конс­титуцияға енетін өзгерістер мен тү­зетулер алда өтетін бүкілхалықтық ре­форма кезінде халықтың талқысы ар­қылы бекітілсе, заңды тұрғыдан көп жетістікке жететініміз анық. 5 маусым күні өтетін бүкілхалық­тық референдум арқылы Конститу­ция­­ның 33 бабына 56 түзету енгізу көз­деліп отыр. Бұл үлкен өзгеріс деп са­­­наймын. Конституцияға енгізілгелі отыр­ған өзгерістер 12 тармаққа бө­ліне­ді екен. Олар: Президенттің лауа­зы­мына байланысты шектеулер, Тұң­ғыш Президент мәртебесіне бай­ла­нысты барлық норманы алып тастау, жерді, оның қойнауын, суды, өсім­діктер мен жануарлар дүниесін, бас­қа да табиғи ресурстарды халық мен­шігі деп жариялау, кейбір адам­дар­дың лауазымда болуына байла­ныс­ты шектеулер. Өлім жазасын жою, Мәжіліс алдында жылына екі рет республикалық бюджеттің ат­қа­рылуы туралы есеп беретін Жоғары ау­­диторлық палата құру, Құқық қор­ғау институттарын күшейту, Конс­­ти­туциялық Сот құру, Парла­мент­тің қа­лыптасу моделін және жал­пы сай­лау жүйесін өзгерту, заң­дар­ды қа­был­дау жүйесін өзгерту, мәж­бүрлі ең­бек­ті қолдану мүмкін­дігі, облыстардың, рес­публикалық маңы­зы бар қала­лар­дың және аста­на­ның әкімдерін та­ғайындау тәрті­бін өзгерту туралы өз­герістер. Бұ­ның бәрі біздің мем­ле­кеті­міздің заң­дарын жетілдіре түсу үшін маңыз­ды. Демек, азаматтарымыз ре­ферендумға барынша көңіл бөліп, ен­гізілгелі отырған өзгерістерді қол­дап дауыс берсе дұрыс болады.
 

Серіктес жаңалықтары