«Халықтың көзқарасы жаңа деңгейге көтерілген» - Ерлан Қарин

«Халықтың көзқарасы жаңа деңгейге көтерілген» - Ерлан Қарин

«Халықтың көзқарасы жаңа деңгейге көтерілген» - Ерлан Қарин
ашық дереккөзі
50208
Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ата Заңдағы өзгеріске қатысты өткен референдумға өз пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекеттік хатшы референдумға қатысты ойын Тelegram-арнасында жазды.
«Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум өтті. Орталық комиссия мәліметінше, дауыс беруге халықтың 68,06 пайызы қатысты. Түзетуді қолдайтындар қатары 77,18 пайыз. Бұл билік пен халықтың байланысы, көзқарасы жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді», - деді Ерлан Қарин.
Сондай-ақ, ол Президент ұсынған реформалардың қоғамдық қолдау тапқанын да ерекше атап өткен.

Серіктес жаңалықтары