Астана оқушылары халықаралық байқаулардан 267 медаль алды

Астана оқушылары халықаралық байқаулардан 267 медаль алды

Астана оқушылары халықаралық байқаулардан 267 медаль алды
ашық дереккөзі
146
2016 жылы 324 елордалық оқушы халықаралық олимпиадаларда және ғылыми жобалардың байқауларында 267 медальмен марапатталды (2015 жылы – 399 қатысушы, жүлделі орын саны – 238). Қалалық білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 40 оқушы халықаралық олимпиадаларда 30 жүлделі орынға ие болды, 284 оқушы ғылыми жобалардың байқауларына қатысты (237 жүлделі орын). Сондай-ақ, астаналық оқушылар республикалық олимпиадада және ғылыми жобалардың байқауында осымен оныншы жыл қатарынан жалпыкомандалық бірінші орын алып, «Үздік команда» атануда. Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Астана оқушыларының білім сапасы 2014-2015 оқу жылындағы 59,6%-дан 2015-2016 оқу жылындағы 62,2%-ға дейін артты. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері 86,6 балдан 89,2 балға дейін көтерілді, «Алтын белгіге» үміткер 133 мектеп түлегі өз білімдерін дәлелдеді (2015 жылы – 112).  

Серіктес жаңалықтары