ОҚО-да бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

ОҚО-да бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

ОҚО-да бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды
ашық дереккөзі
389
Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өңіріміздегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп,Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Онда әкім Елбасының атынан  Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалiмен» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін  табыстады. Тәуелсіздік мерекесі еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ әрі ең басты құнды мереке екенін айтқан әкім барша жиналғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мереке қарсаңында Мемлекет басшысы, еліміздің Тәуелсіздігі мен ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға  қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалiн» өңіріміздегі бірқататар азаматтар ие болған.  Аталған мерекелік медаль иелерін облыс әкімі арнайы қабылдап, Елбасы атынан табыстады. Оладың қатарында облыс прокуроры  И.Иманов, өңіріміздің бас имамы А.Керімбек, облыстық клиникалық аурухананың дәрігеріМ.Абуов, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  М.Қалмұратов, Ахыска» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі М.Мусаев, облыстық күрд этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Надиров, «Казаки» қоғамдық ұйымының төрағасы Д. Хрущев, «Наири» армян этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Сидиропуловалар бар.   «Осы ширек ғасыр ішінде мемлекетіміз өсіп-өркендеп, әлемдік қауымдастық арасында өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Біздің қол жеткізген басты табысымыз – Қазақстан халқының біртұтастығы болды. Мемлекеттің сара саясаты, дара ұстанымының арқасында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім – Тәуелсіздігіміздің басты тұғырына айналды. Елімізде бейбітшілік пен мызғымас татулықты орнықтыруда мейлінше атсалысып жүрген азаматтырымызды бүгінгі алған марапатымен шын жүректен құттықтаймын»,-деді Ж.Түймебаев. Сонымен қатар, аймақ басшысы  облысымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан 21 БАҚ-қа «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін  табыстады. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қазақ елінің елдігін насихаттап, ел игілігі мен бірлігі үшін жемісті атқарылған жұмыстар мен мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биік мінберден: «Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын баянды еттік» деп айтқанын сіздер білесіздер. Шынында да бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістердегі алатын орны мен атқарған қызметі айрықша»,- деп айтқан Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі - қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер,-деп айтқан әкім өз сөзін қорытындылады. Жиында сөз алған қаламгерлер алдағы уақытта да қоғамды нығайтуда және Қазақстанның оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына үлес қоса беретіндерін айтып, ширек ғасырда атқарылған еңбекті бағалап, мерекелік медальге лайық деп санаған Елбасыға және облыс  әкіміне алғыстарын жеткізді.  

Серіктес жаңалықтары