Қазақстанда вейпке тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда вейпке тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда вейпке тыйым салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
50534
Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға заңды түрде тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты  деп хабарлады turkystan.kz.
«Осы уақытқа дейін Қазақстанда электронды темекіге ешқандай салық салынбаған. ДДСҰ мәліметінше, бұл темекілер әсер ету, құрамындағы никотин және басқа да көрсеткіштері жағынан кәдімгі темекі сияқты. Сондықтан, депутаттар акциз салу туралы шешім қабылдады. Қазақстанда темекі қоспасы бар электронды құрылғылар деп аталатын вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын Денсаулық сақтау кодексіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды. Оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық», - деді Мәжіліс отырысында.

Серіктес жаңалықтары