50323
Түркістан облысындағы ақылы жолда бетон плиталар көтеріліп кеткен (ВИДЕО)
Түркістан облысындағы ақылы жолда бетон плиталар көтеріліп кеткен (ВИДЕО)
Қызылорда-Шымкент ақылы тас жолында бетон плиталар ыстыққа шыдамай көтеріліп кеткен. Оқиға 8 маусымда болған деп хабарлады turkystan.kz.
Көлік жүргізушілері Төрткөл ауылының маңында жолдың асфальт-бетон жабындысының көтеріліп кеткенін байқаған. Бұдан кейін жеңіл және жүк көліктері жолдың шетімен жүруге мәжбүр болған.
«Қазавтожолда» оқиғаның Самара-Шымкент республикалық жолының бір бөлігінде болғанын мәлімдеді. 8 маусымда аймақта ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген.
«17:00 шамасында ыстық ауа температурасы салдарынан цементбетон плиталар көтерілді. Қазір плиталар қалпына келтірілген. «ШымкентДорСтрой» мердігер компаниясы уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тас-құм қоспасы себіліп, асфальт-бетон жабындысы төселді. Жұмысқа 10 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды», – деді компания өкілдері.Сонымен қатар сәйкес жол белгілері орнатылған. Аймақта патруль полициялары жұмыс істейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram